Өскемендегі қоқыс контейнерінен шақалақ өлі табылды. Баланы қоқысқа өз анасы тастап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
f16.kz сайтының мәліметінше, 44 жастағы әйел баласын жалдамалы пәтерде медициналық көмексіз босанған. Әйел адамның сөзінше, баласы өлі туған. Сондықтан шақалақты қоқысқа тастапты-мыс.
Әйел адам жүктіліктің есебінде тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін ауруханаға жеткізілген.
- Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шарасы кезінде баланың анасы анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр, дейді полицейлер.