Ақтау әуежайы ауа райының қолайсыз болуына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
27 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 12.00 мен 17.00 аралығында Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райы және техникалық қызмет көрсетуге байланысты уақытша жабылды. Жолаушылар рейстердің жай-күйі мен кестедегі өзгерістер туралы ақпаратты әуежайдың ресми сайты www. aktau-airport.kz арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін ақпарат бюросынан: 8 (7292) 60 97 55 біле алады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 ақпанда жоспарланған 11 рейстің төртеуі кешігіп жатыр.
ЖОЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚИЫН
Еске салайық, қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы жолдағы жағдай қиын. ТЖМ қызметкерлері өңірде қар құрсауынан 200-ге жуық адамды құтқарды.
Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа-райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалды.
ТЖМ құтқарушылары 198 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.