Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
Ыстық-Көл аудандық полицейлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға “Каракол” тау-шаңғы базасында болған.
Қайғылы оқиға 27 ақпанда болған.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы 43 жастағы Қазақстан азаматының сноуборд теуіп, досымен соқтығысқанын анықтады. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Барлық қажетті сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.