Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс болашақ ұрпақ үшін жаһандық маңызы бар төрт мәселені атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Бензингаға сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Гейтс келер ұрпақ биотерроризмнің ықтимал қаупіне, жасанды интеллектінің дұрыс дамымауына тап бола ма деп қауіптенеді. Сондай-ақ ол саяси поляризациямен күресу үшін бірігуі қажеттігін атап өтті.
Ядролық соғыс немесе экстремалды биотерроризм, жасанды интеллектінің сәтсіздігі, поляризацияға байланысты қоғамда ынтымақтастықтың болмауы. Міне, болашақ ұрпақ осы төрт проблемадан қатты қорқуы керек, - деді ол.
Билл Гейтстің айтуынша, адамдардың әлемдік мәселелерге назар аударып, оны шешуге талпынуы қуанарлық жайт. Әсіресе, жастардың климаттың өзгеруіне алаңдауы өте маңызды.