Қазақстанда квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТҮЗЕТУЛЕР
Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыреті берілген. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тиісті норманың болмауы квазимемлекеттік сектор субъектілерін бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермеді.
ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛМАҚ
ҚР Үкіметіне заңнамалық коллизияларды жою мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ӘҚтК-нің 207-1-бабы бойынша) сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыретін бекіту.
2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 722-бабының бірінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Нәтижесінде қаржы министрлігі квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларындағы бұзушылықтарға мән беріп, өз тергеулерінің қорытындысы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік алды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тәуекелін түсіну квазимемлекеттік сектор субъектілерін нормаларды мұқият сақтауға ынталандырып, жалпы сатып алу тәртібін арттырады. Бұл ретте анықталған бұзушыилықтарды талдау Қаржы министрлігіне жүйелі проблемаларды анықтауға және сатып алу процестерін одан әрі жетілдіру үшін нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.