Қазақылығымыз қайда қалды – депутат ChatGPT-ден қорқатынын мәлімдеді

Аян Өрібай

Депутат Анас Баққожаев жасанды интеллектке сақтана қарайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

БАҚҚОЖАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Жасанды интеллект мәселесі талқыланған жиында депутат Анас Баққожаев тың технологияларға өте сақтана қарайтынын, тіпті кейде қорқатынын айтады.

Себебі интеллектуалдық деградацияға апарудың жолы бұл! Адам өзі ойланып жазбаса, композитор музыкасын ойлап шығармаса, бұл не заман болып барады? Сонда біз әлем жасанды интеллекті жасады екен деп, соңынан ере береміз бе? Қазақығылымыз қайда? Өзіміздің интеллектуалдық мүмкіндіктерімізді ашар жолдар қайда? Депутат бір жолы бір шенеунік ChatGPT-ге өзінің материалдарын салып отырғанын көрген. Айтуынша, сондағы басты мақсаты – бастығы тезірек басынан сипаса екен дегені. Ал ChatGPT аржағында бенефециары кім? Ол материалдарды жинап, ертең өзімізге қарсы пайдаланбайтынына кім кепіл? Мемлекеттік органдар осыған қарап отыр ма? – деп сұрады ол.

50-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА БАР

Бұл сұраққа жауап берген цифрлық дамудың бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин жасанды интеллектің жақсы жағы да барын айтады. Жыл соңына дейін мемлекеттік органдардың бәріне -ге жуық жасандық интеллект жобаларын ассиситент ретінде әзірлеу жоспарда бар. “Олар рутиналық жұмысты атқарады” дейді ол. 

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ

ҰҚК өкілі Дәурен Ақшериев депутаттың көтерген сұрағы өте маңызды екенін айтады.

Министрліктің бірінші орынбасарының сөзіне толық қосылам. Заң жобасында тәуекелге алып келетін сұрақтардың басым бөлігін жабуды бәріміз қарастыруымыз керек. Жаңа технология енгізілгенде тәуекелдер барлық кезде болады, – дейді ол.

Анас Баққожаев заң қабылданғанша мемлекеттік органдарға дереу шешім қабылдап, шектеу керек дегенді айтты.