Аталған мәселе бүгін мәжілісте қаралды. Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төменгі палатаға ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғауға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ
Вице-премьердің сөзінше, әлемдегі ірі қалаларда сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған, бұл өз кезегінде тез урбанизацияға әсер етеді. Осы процесс елімізгеде тән дейді ол.
Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына апарып соқты. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері бар, – дейді ол.
НЕ ҰСЫНАДЫ
Осы мәселені шешу мақсатында:
Бір пәтерге 800 адам тіркелген жайттар бар. Ол заңның бұзылғаны. Инфрақұрылымға ол әсер етеді. Сол себепті әрине, оны шектеу керек. Ішінде ерекшелігі болады. Маусымдық жұмыстарға, құрылысқа адамдар келсе әрине, оның бәрін жазу керек. Құрылысқа келсе құрылыс иесі адамдарды есепке қойып, жатақ дайындауы тиіс. Мәслихат қағидаларды дайындағанда соның бәрін жазуы тиіс, – дейді ол.
Жұманғарин бұл ретте, тіркеу нормативтері тұрғын үйдің меншік иесінің және жұбайының жақын туыстарына қолданылмайтынын атап өтеді. Әкімшілік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында тұрғын үйлерде тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуден шығармағаны үшін тұрғын үй иесіне жауапкершілік күшейтіледі.