Уақыт белдеуі: ШҚО-дағы тағы бірнеше ауданда жұмыс кестесі өзгерді

Сымбат Сатыбалдина

Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

НАУРЫЗДАН БАСТАП

Наурыз айынан бастап Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар ауданында жаңа жұмыс кестесі енгізілді – тұрғындар 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі ас үзілісі сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін болмақ. 

Жаңа жұмыс кестесімен аудан тұрғындары да келіскен. 

Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер осы кесте бойынша жұмыс істеп келген болатын.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты ресми түрде өзгерген болатын. 

Енді бұл аудандарда жұмыс күні таңғы 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін аралығында болады.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, жаңа кесте тұрғындармен кеңескеннен кейін енгізілді.