Қорғаныс министрлігі «кредиттік демалыс» іс-шарасын бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрліктің мәліметінше, қазірдің өзінде 17 мыңнан аса әскери қызметшіге 6,6 млрд теңгеге негізгі борыш пен сыйақы бойынша «кредиттік демалыс» берілген.
Қорғаныс ведомствосының бастамасы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге борышын өтеу кезеңінде несиелерін уайымдамауға мүмкіндік береді. Меморандумды іске асыру үшін агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың арнайы алгоритмі әзірленген. Шақыру науқаны барысында жиналған банк қарыздары мен микрокредиттер туралы мәліметтер бірден қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберіледі. Деректер негізінде кредиторлар негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық міндеттемесін тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды. Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде несие беруші сот ісін жүргізуді, берешекті өндіріп алу бойынша нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын шығаруды тоқтатады. Өткен сот актілері бойынша берешекті өндіріп те алмайды.
ӘСКЕРДЕН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ
Ulysmedia.kz бұған дейін жастар армиядан қандай жағдайда босатылатынын анықтап көрген еді. Қарулы күштердің ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары департаментінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыстар басқармасының аға офицері полковник Дәуренбек Шегебаев тікелей эфирде қандай санаттағы жастар армиядан босатылатынын айтты. Ол әскери қызметтен босату негіздері Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы заңның 26 және 35 бабында көрсетілгенін атап өткен.
Аталған заңның 35-бабына сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды аудандарда немесе облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әскерге шақыру комиссиясы шешеді. Мұндай шешімге мынадай 4 себеп негіз бола алады: