АҚШ пен оның президенті Дональд Трампқа деген немістердің сенімі сетіней түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Deutschlandtrend жүргізген ай сайынғы сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Германияның әрбір екінші тұрғыны Трамп билікке келгелі бері ол туралы нашар пікір қалыптасқанын айтқан. Тек әрбір жетінші респондент Америка президентіне деген оң көзқарасын білдірген.
АҚШ-ҚА СЕНІМ АЗАЙДЫ
Германия халқының арасында АҚШ-қа деген сенім де күрт азайған. Алты адамның біреуі ғана Германия Вашингтонға сене алады деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымына (НАТО) мүше елдер енді АҚШ-тың қолдауына иек арта алмайтынына сенімді.
Соған қарамастан Солтүстік Атлантикалық ұйымның форматы ешқандай күмән тудырмайды, бірақ Еуропаның оған тәуелді болмауын әрбір екінші неміс қолдайды.
НЕГІЗГІ ФАКТОР
АҚШ-қа деген көзқарастың нашарлауына басты себептің бірі – Американың Украинаға қатысты саясатының күрт өзгеруі. Сауалнамаға қатысқан он германиялық азаматтың алтауы Киевке Вашингтон тарапынан көрсетілмей отырған қолдаудың орнын Еуропа толтыра алмайды деп есептецді.