Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында ерлік жасаған ер адамды марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
- Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, – делінген Ақорда хабарламасында.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Айта кетейік, Алматыда ер адам әуежай қызметкеріне пышақпен тап берген болатын. Телеграмда ер адам әуежай қызметкерінің шашынан ұстап алып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқан видеосы тарады. Ер адамның қолында пышақ болған.
Артынша белгісіз ер адам қаскөйге қызды жіберіп, кепіл ретінде өзін ұсынып, қасына келген.
Желіде тараған видеоларда ер адам алдымен қаскөймен сөйлесіп тұрып, артынша қолындағы пышағын жұлып алады.
ЕР АДАМ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған ер адам – 52 жастағы Мұса есімді тұрғын. ZTB мәліметінше, ол бес баланың әкесі. Сонымен қатар, ол белгілі актриса Аружан Мұсаның әкесі. Актриса жарнама роликтеріне түсіп, “Тырна” сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған.