Ресей Федерациясының екі өңірі – Дағыстан мен Шешенстанда Telegram мессенджері бұғатталды, мүлдем жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС таратқан ақпаратқа сүйеніп.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі Юрий Гамзатовтың айтуынша, мұндай шара құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша енгізілген.
Солтүстік Кавказ федералды округінің екі аймағы – Шешенстан мен Дағыстанда Telegram желісін бұғаттау туралы шешім қабылданды. Шешім құқық қорғау органдарының ұсынысымен федералды деңгейде қабылданды. Оны арам пиғылды адамдар жиі пайдаланып кетеді. Бұған Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктер мысал. Алдағы уақытта Telegram-ға салынған бұғаттау алынуы мүмкін, - деді ол.
Солтүстік Кавказ өңірінде Telegram мессенджері 2024 жылдан бері дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан жергілікті билік тұрғындарға басқа танымал мессенджерлерді қолдануға кеңес беріп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы Махачкала әуежайында жаппай тәртіпсіздік болған. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Тель-Авивтен келген ұшақ жолаушыларын бір топ жігіт соққының астына алған.