Бүгін Өскеменде белгілі қаламгер Қалихан Ысқақтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қара сөздің қарагері – Қалихан» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ИНЕ ШАНШЫР ОРЫН ЖОҚ
«Титан қаланың» қақ төріндегі «Ертіс концерт» сарайында ине шаншыр орын жоқ. Сөз өнеріне сусаған қалың жұрт ақындардың суырып салған түйдек-түйдек жырларын тікеден-тік тұрып тамашалап тұр.
ЖЫР ДОДАСЫНА КІМДЕР ТҮСІП ЖАТЫР?
Республиканың түкпір-түкпірінен кіл мықтыларды жинаған айтыс аламанына барлығы 12 ақын қосылды. Олардың ішінде Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Мақсат Ақанов, Біржан Байтуов, Жансая Мусина, Серік Қуанған сынды аузымен құс тістеген жүйріктер бар.
Айтыскерлердің өнерін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарама төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман басшылық еткен қазылар тобы қалт жібермей қадағалап отыр. Ал жыр додасының тізгіні белгілі айтысқан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаевтың қолында.