"Қозғалтқыш істен шыққан": Ақтауда ұшақ әуежайға қайта қонды

Сырым Қаржас

Ақтаудан Алматыға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауларға байланысты әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл оқиға туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде жарыса жазды. Олардың айтуынша, алдымен ұшақта түтіннің иісі сезілген, содан кейін электр қуаты өшкен, ал бортсеріктер қобалжып, не істерін білмеген. Командир ұшақ қозғалтқышы «істен шыққанын» айтқан.

Ұшақ күрт құлдилап, дірілдей бастады. Жылдамдық азайып, биіктік төмендеді, ал әуежай көрінбеді. Біреу дұға оқып жатты, біреу жай ғана қорқып отырды, жаман ойламауға тырыстық. Ақыры қонған сәтте, көз жасымызға ерік бердік, делінген әлеуметтік желілерде тараған жазбаларда.

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ НЕ ДЕДІ?

Air Astana әуе кемесі Ақтауға аман-есен қонғанын хабарлады. Экипаж №1 қозғалтқышта май азайғаны туралы техникалық ескертуге қарай әрекет етті. Жолаушылар резервте тұрған екінші ұшаққа мініп сапарларын жалғастырған.