Алматыда ресейлік саясаткер Жириновскийдің ескерткіші орнатылуы мүмкін

Сымбат Сатыбалдина

2026 жылы бірнеше қалада Владимир Жириновскийдің құрметіне ескерткіш ашылуы мүмкін. Тізімде Алматы да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Ескерткіш саясаткердің туғанына 80 жыл толуын мерекелеуге дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының жобасы аясында ашылуы мүмкін. Бұған қатысты құжаттар ТАСС басылымына келіп түскен.

- В.В.Жириновскийдің ескерткішінің салтанатты ашылуы: 2026 жылғы наурыз-сәуір, Мордовия Республикасы, Саранск қаласы. В.В.Жириновскийге арналған ескерткіштер мен басқа да мемориалдық орындардың салтанатты ашылуы: 2026 жылдың сәуір-мамыр айлары, сондай-ақ Ресей Федерациясының субъектілерінің салтанатты мерекелік іс-шара, Қазақстан, Алматы қаласы, делінген материалда.

ВЛАДИМИР ЖИРИНОВСКИЙ

Айта кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылы 2 ақпанда коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген болатын. Ол бір айдан кейін өмірден өтті. Жириновский 1946 жылы 25 сәуірде Алматыда туған.