Жириновскийге арналған ескерткіш: Алматы әкімдігі реакция білдірді

Сымбат Сатыбалдина

Алматы әкімдігі қалада ресейлік саясаткер Жириновскийдің ескерткіші орнатылуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты реакция білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости

“ҰСЫНЫС ТҮСКЕН ЖОҚ”

- Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ, дейді Алматы әкімдігінің өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне берген жауабында. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ресейлік саясаткер Жириновскийдің ескерткіші орнатылуы мүмкін екені хабарланған болатын

Ескерткіш саясаткердің туғанына 80 жыл толуын тойлауға дайындық және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының жобасы аясында ашылуы мүмкін. Бұған қатысты құжаттар ТАСС басылымына келіп түскен.

- В.В.Жириновскийдің ескерткішінің салтанатты ашылуы: 2026 жылғы наурыз-сәуір, Мордовия Республикасы, Саранск қаласы. В.В.Жириновскийге арналған ескерткіштер мен басқа да мемориалдық орындардың салтанатты ашылуы: 2026 жылдың сәуір-мамыр айлары, сондай-ақ Ресей Федерациясының субъектілерінің салтанатты мерекелік іс-шара, Қазақстан, Алматы қаласы, делінген материалда.