Ақтауда итбалықтар өлі табылып жатыр

Сымбат Сатыбалдина

Ақтауда бұрынғы резиденцияның маңынан екі итбалық өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: жергілікті тұрғындардан

МӘН-ЖАЙ

Lada.kz мәліметінше, итбалықтар бүгін, 11 наурызда өлі табылған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жануарлар президенттің экс-резиденциясының маңында, Ақшұқыр ауылына жақын жерде табылған. 

- Өлекселер бір-бірінен 10-20 метр жерде жатыр. Олардың біреуі шіріп кеткен, екіншісі жақында өліп қалған сияқты, дейді тұрғындар. 

МАМАНДАР НЕ ДЕЙДІ

Бұл дерекке қатысты Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басқармасының инспекторлары пікір білдірген. 

Мамандар итбалықтардың өткен жылы өлген деп болжап отыр және оны әкімдік қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жойылмаған.