Украина бейбітшілікке дайын екенін жариялауға әзір

Ілияс Бақыт

Украина 30 күнге әскери қимылдарды тоқтатуға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

УКРАИНА АҚШ-ПЕН САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ КЕЛІССӨЗДЕРДЕ 30 КҮНГЕ СОҒЫС ҚИМЫЛДАРЫН ТОҚТАТУҒА КЕЛІСТІ

АҚШ әскери жеткізілімдер мен барлау деректерімен алмасуды қайта бастайды. Украина мен АҚШ-тың бірлескен мәлімдемесі.

Джидда қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Украина мен АҚШ делегациялары бірлескен мәлімдеме жасады. Оның ең маңызды тармақтары:

  • Украина «30 күндік уақытша бітім режиміне» келісуге дайын. Бұл мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ Ресей Федерациясы бұл шарттарды қабылдап, толығымен орындауы қажет.

  • Сонымен қатар, АҚШ Украинаға қауіпсіздік саласындағы көмекті қайта бастайды және барлау деректерімен алмасуды жандандырады.

Бұл мәлімдеме тараптардың әскери іс-қимылдарды уақытша тоқтатуға және қауіпсіздік ынтымақтастығын жалғастыруға ұмтылысын көрсетеді.