Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңінде қызметінен кетті

Сымбат Сатыбалдина

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов бір күннен кейін жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

МӘН-ЖАЙ

Lada.kz мәліметінше, Шопанов өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Әсет Шопанов 3 наурызда әкімнің орынбасары болып тағайындалып, 4 наурызда өз еркімен жұмыстан кетті, делінген әкімдіктің хабарламасында. 

ТАҒАЙЫНДАУ

Еске салайық, Әсет Шопановтың әкімнің орынбасары болып тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

ҚАМАУ ТУРАЛЫ

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, былтыр мамырда Әсет Шопанов мас күйде көлік айдап, ұсталған. Ол кезде Шопанов Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған. Сот шенеунікті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған. 

Шопанов 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.