Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан видео көріп, ақыл-есін жоғалтқан

Сымбат Сатыбалдина

Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан қорқынышты видео көріп, ақыл-есін жоғалтып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Інімнің 7 жастағы қызы тик-токтан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Тіпті әке-шешесін танымай жатыр. Көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырып, оқытып жатырмыз. Ішіне үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түнімен көз ілмей, шырылдап шошып шығады. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде сөйлемей қойды, деп жазды журналист. 

Оның сөзінше, жеті жасар қыз сап-сау болған. Бұған дейін асыр-салып ойнап, сөйлеп жүрген көрінеді.

ТЫЙЫМ

Еске салайық, бұған дейін депутат Жанарбек Әшімжан балаларға TikTok-қа кіруге тыйым салуды ұсынған болатын. 

 Әшімжан үкіметке келесі шараларды қолға алуды ұсынды: 

  1. ТикТоктағы әдепке, ұлттық құндылықтарға, дәстүріміз бен салтымызға қайшы келетін, балалардың санасын улайтын, теріс әдеттерге шақыратын барлық контентке шектеу қою.
  2. Елімізде ТикТокты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пайдалануына қатаң шектеу қою немесе мүлдем тыйым салу тетіктерін қарастыру керек.