АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен және басқа да тараптармен 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімді түпкілікті келісу мақсатында "өте маңызды талқылаулар" жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Ол бұл туралы бейсенбі күні ақ үйдіе НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу барысында айтты.
"Біз Ресей тарапынан атысты тоқтату әрекетін көргіміз келеді", – деп түсіндірді ол журналистерге.
ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН
Ресейлік әріптесімен сөйлесуді жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап берген Трамп:
"Мен онымен қуана кездесіп, жағдайды талқылар едім", – деді.
АҚШ БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Трамп Путиннің уәжін "үміт күттіретін, бірақ толық емес" деп бағалаған.
ПУТИННІҢ ҰСЫНЫСЫ ЖӘНЕ РИЗАШЫЛЫҚ
Осыған дейін бейсенбі күні Путин Украинадағы уақытша бітім идеясы туралы Трамппен пікір алмасуға дайын екенін жоққа шығармады. Сондай-ақ, ол Украинадағы жағдайды реттеуге назар аударғаны үшін америкалық президентке алғыс білдірді.
Ресей көшбасшысы баспасөз конференциясында Украинадағы әскери әрекеттерді 30 күнге тоқтатуға келісетінін, бірақ бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін жағдайда ғана орындалатынын баса айтты.
Еске салайық, 11 наурызда Сауд Аравиясында өткен кездесу қорытындысы бойынша Украина Ресей де осындай қадамға барса, 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізуге келіскен болатын. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-тың Ресейге "атысты тоқтату" ұсынысын жеткізетінін және оның келісімін күтетінін мәлімдеді.