Астанада әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Қазіргі таңда іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген.
Басты сот отырысы кеше, 13 наурызда сағат 11.00-ге белгіленген. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында жалпы тәртіпте ашық сот отырысында қаралған.
- Сот отырысы сотталушы мен оның қорғаушысы, мемлекеттік айыптаушының қатысуымен орыс тілінде өтеді, сотталушы Қажмұханұлы Аңсарға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыны қамауда ұстау мерзімі қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін ұзартылады, делінген сот кабинетінде.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТУРАЛЫ
Еске салайық, антикор былтыр 23 қазанда әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған болатын. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.
Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді, – делінген хабарламада.
Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.
СИВИ МАХМУДИ
Қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер. Азан шақырып қойылған есімі – Сивиэтта.