SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан

Сымбат Сатыбалдина

Фуrуок-Астана бағыты бойынша VSV5355 рейсін орындаған SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы ұшу кезінде құспен соқтығысты, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді. 

«Фукуок-Астана» рейсі Шымкент қаласында қатты қарсы желге байланысты жанармай құю үшін қонған, артынша ұшаққа құс соғылғаны анықталды.

- Cалдарын жою үшін қосымша әуе кемесі жұмылдырылды. Ұшу уақытын күткен кезде жолаушыларға ыстық тамақ пен қала қонақүйлерінде орналастыру қызметі ұсынылды, дейді компания өкілдері.