Назарбаев, Машкевич, Смағұлов – "Астана Опера" қамқоршылық кеңесінен тағы кімдер кетті

Сырым Қаржас

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының қамқоршылық кеңесінің құрамы өзгерді. Кеңестен Дариға Назарбаева, Александр Машкевич, Алмасадам Сәтқалиев және басқа да мүшелер шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Бұл ақпарат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 сәуірге дейін жалғасады.

Қазір қамқоршылық кеңестің кейбір мүшелері қаулыда көрсетілген лауазымдарды атқармайды. Кадрлық өзгерістерге байланысты қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады», – делінген құжат жобасында.

Құрамдағы өзгерістер

Қамқоршылық кеңестің бұрынғы мүшелері:

  • Дариға Назарбаева
  • Тимур Құлыбаев
  • Алмасадам Сәтқалиев
  • Александр Машкевич
  • Патох Шодиев
  • Кенес Рақышев
  • Нұрлан Смағұлов
  • Лучано Васкес

Жаңа құрамға енгендер:

  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева
  • Астана әкімі Жеңіс Қасымбек
  • «Астана Опера» директоры Александр Совостьянов
  • «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимов
  • «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов
  • «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов
  • ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов
  • Agip Karachaganak B.V. төрағасы және басқарушы директоры Хойтинг Сегер

Айта кетейік, Александр Совостьяновтың «Астана Опера» директоры болып тағайындалғаны осы аптада белгілі болды.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған.