Талғардағы алапат өрт: қазіргі уақытта не белгілі

Сырым Қаржас

Алматы облысының Талғар ауданындағы резеңке дөңгелек шығаратын зауыттағы өртті сөндіруге 40-тан астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТЖМ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тілсіз жау оқшауланғанын хабарлады. Отқа оранған аумақ анықталып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіруге Алматы облысының және Алматы қаласының төтенше жағдайлар қызметі жеке құрамының 40-қа жуық адамы мен 12 техникасы жұмылдырылған.

Айта кетейік, оқиға орнында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Баринов жүр.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін түстен кейін Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан дөңгелек зауытында үлкен өрт шыққан. Тілсіздің жаудың шығу себептері анықталып жатыр.