Ресей Украинаның энергетикалық нысандарына жойқын шабуыл жасады

Сырым Қаржас

Өткен түнде Ресей әскері Украинаның энергетикалық нысандарына жаппай соққы берді, деп хабарлайды Ulysmedia.

РИА Новости/Станислав Красильников

Жиыны 178 дрон мен екі зымыран соққы берген шабуыл салдарынан Днепропетровск және Одесса облыстарының электр жүйелері қатты зақымданды, деп хабарлайды ДТЭК компаниясы.

Шабуылдан кейін аталған аймақтардағы тұрғындардың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Одессада 61 жастағы әйел жарылыс кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қара теңізде 53 жастағы ер адам жараланды. Оның жағдайы орташа, деп түсіндірді Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Олег Кипер.

Украина билігі зақым келген нысандарды қалпына келтіріп жатыр. Дегенмен жойқын шабуылдан келген шығын мөлшері орасан.