Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас

Синоптиктер бүгін еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазгидромет» РМК бүгін, 16 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Шымкент қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Астанада ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын мәлім етті.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.