Астанада алаяқтардың байланыс орталығы таратылды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, колл-орталық қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде орналасқан.
– Олар өздерін «Техносмарт», «Байзон», «Like me shop» интернет-дүкендерінің қызметкері ретінде таныстырған және адамдарға ұтып алған көлігі, пәтерлері үшін салықтық төлемдер аудару қажеттігі жөнінде хабарлап отырған, – деп жазылған хабарламада.
Ведомство өкілдері жедел іс-шаралар жүргізу барысында кеңсенің алты қызметкері ұсталғанын айтты. Олардан жеті ноутбук, бағдарлаушы және Wi-Fi роутер тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда интернет-алаяқтар кеңсесі таратылып, 29 адам тергеуге алынған.
Жуықта Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ескерткен.