Коронавирус бар ма, жоқ па - министрліктің дерегі

Ілияс Бақыт

Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше жыл бұрын әлемді шарпыған індетке қатысты статистиканы мәлім қылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

2025 ЖЫЛЫ ЕЛДЕ 174 КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі 6 есе төмендегені байқалады.

Оның ішінде өлім фактісі тіркелмеген. 

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ЖРВИ, тұмау және коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі келесі профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:

  • Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық мекемелерге баруды шектеу;

  • Бөлмелерді үнемі желдету;

  • Қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды қолдану;

  • Ауырған адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау шараларын қамтамасыз ету.