Продюсер Баян Алагөзова қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Баян Алагөзова журналист Динара Сәтжан және Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевамен бірге түскен суретін жариялады. Үшеуі де қазақтың ұлттық киімін таңдаған.
Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық (Қ. Тоқаев). Ұлттық киім күні құтты болсын! – деп жазды продюсер Instagram парақшасында.
Айта кетейік, 17 наурыз – Қазақстанда Наурызнама аясында мәдениет пен ұлттық дәстүрлер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн қазақ халқының құндылықтарын сақтау мен дәріптеуге арналған.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕДІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда ұлттық киімдердің рөлі туралы айтқан еді. “Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек” деді президент.