Израиль 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімнің күшін біржақты түрде жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
BBC мәліметінше, Израиль әскері сейсенбіге қараған түні ел басшылығының бұйрығынан кейін Газа секторындағы ХАМАС нысандарына әуе соққыларын қайта бастады. Газа билігі мен жергілікті медицина қызметкерлері атқылау салдарынан ондаған адамның қаза тапқанын хабарлады.
Бұл ХАМАС-тың біздің тұтқындарымызды босатудан бірнеше рет бас тартуынан, сондай-ақ АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен делдалдар ұсынған барлық ұсыныстарды қабылдамауынан кейін болды. Қазір ЦАХАЛ Газа секторындағы ХАМАС террористік ұйымының нысандарына соққы беріп жатыр. Бұл әскери операцияның негізгі мақсаттарына жету үшін жасалуда, оның ішінде тұтқындарымызды – тірі немесе қаза тапқандарын толықтай босату талаптары бар, – делінген премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде.
ХАМАС бақылауындағы Газа азаматтық қорғаныс агенттігінің хабарлауынша, Израильдің әуе шабуылы салдарынан кемінде 20 адам, соның ішінде бес бала қаза тапты, ал ондаған адам жараланған. Бұған дейін Израиль Газа секторына электр энергиясын беруді тоқтатқан болатын.