Еуропа одағының мемлекеттері "Азаттықты" қолдауға қаражат іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.
10 МЕМЛЕКЕТ ҚОЛ ҚОЙДЫ
18 наурызда Еуропа одағының он елі Азаттық радиосына қаржыландыру көздерін іздеуге келіскен. Бірлескен мәлімдемеге Бельгия, Чехия, Эстония, Германия, Латвия, Литва, Нидерланд, Словения және Швеция қол қойды.
"Азат Еуропа/Азаттық радиосы сөз бостандығына қауіп төнген елдердің азаматтарына тәуелсіз, бейтарап ақпарат ұсынып, маңызды рөл атқарып келеді" деп жазылған мәлімдемеде.
БҰҒАН ДЕЙІН
«Азаттық радиосының» қазақстандық бөлімшесі АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына қарамастан өз жұмысын жалғастыра беретінін хабарлаған едік.
Бұл туралы қызмет басшысы Торокул Доров мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте қысқарту жүргізуге бағытталған «Федералдық бюрократияны қысқартуды жалғастыру туралы» жарлыққа қол қойды. Қысқарту ұсынылған мекемелер қатарында Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясы және өзге де ақпарат таратушыларға жетекшілік ететін АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі де (USAGM) бар.
«Азаттық радиосы» Орталық Азияның бес мемлекетінде: Қазақстан мен Қырғызстанда «Азаттық», Түркіменстанда «Азатлык», Өзбекстанда «Озодлик», Тәжікстанда «Озоди» деген атауларымен жұмыс істейді.