"Ашық арсыздық дүние". Бас мүфти ЛГБТ туралы айтты

Сымбат Сатыбалдина

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ЛГБТ-ға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

ПӘТУА

Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ ЛГБТ-ға қатысты арнайы пәтуа шығарғанын атап өтті. 

- Бұл біздің ұлттық құндылығымызға, салт-дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние. Өкінішке қарай, батыс елдерінен келіп жатқан, қазіргі таңда біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде, әрине, бұған біз қарсымыз. Өйткені, бұл – арсыздық, ашық арсыздық дүние. Үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен, дейді бас мүфти. 

ПЕТИЦИЯ 

Еске салайық, бұған дейін қоғам белсенділері Қазақстанда USAID (АҚШ Халықаралық даму агенттігі) ұйымының қызметін тоқтатуды және ЛГБТ қауымдастығын қаржыландыратын ұйымдарға заң жүзінде тыйым салуды талап еткен болатын. Петиция мәдениет және ақпарат министрлігіне бағытталған. 

Белсенді Бағила Балтабаеваның айтуынша, USAID Қазақстанда 1992 жылдан бері түрлі әлеуметтік жобаларға қаржы бөліп келеді, алайда олардың кейбірі ұлттық құндылықтарға қайшы бағытта жүргізілген. Оның мәліметінше, 2001-2024 жылдар аралығында осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі 2,07 млрд долларды құраған. Балтабаеваның сөзінше бұл қаражаттың белгілі бір бөлігі ЛГБТ ұйымдарына және оларды қолдайтын бастамаларға бағытталған.