Арман Байтасов парақшасында досы Райымбек Баталовқа қатысты жазба жариялап көпшілікті ойға қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БИШІМБАЕВ ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ МА?
Белгілі кәсіпкер және медиа-магнат Арманжан Байтасов өзінің соңғы мәлімдемесінде қоғам назарын аударды. Ол эмоцияға беріліп Райымбек Баталов туралы желідегі парақшасына жазады. Алайда кейін мүмкің ашуы басылған болуы керек жазбасын алып тастаған.
"Егер сен үшін ар-ұят жоқ болса, бәрі шындықты білсін" деп жазды.
Осылай дей келе Байтасов Бишімбаев сотындағы әңгімені еске салады.
“Бишімбаевтың сотта айтқандары жай ғана сөз емес. Бұл жасыруға келмейтін деректер”- деді Байтасов.
Қос кәсіпкердің арасында қандай қара мысық жүгіріп өткен әзірге белгісіз.
БИШІМБАЕВ СОТТА НЕ ДЕГЕН ЕДІ
Еске салайық Қазақстан тарихындағы ең резонансты сотта Қуандық Бишімбаев марқұм әйелінің Райымбек есімді бизнесменнің көңілдесі болғанын айтқан еді.
1 сәуірде Бишімбаев сотта Нүкенова материалдық қолдау табу үшін үйлі-баранды адамдармен жүргенін мәлімдеген.
– Сол күні кешке ол бәрін мойындады. Бұл үйлену тойынан кейін 3-4 күннен кейін болған әңгіме еді. Ол маған кабинетте өзім бірге суретке түскен адамды айтты. Өмірінде біраз уақыт сол адамның көңілдесі болғанын мойындады. Мен онымен таныспын. Әрине, бұл жағдай мені таңғалдырды. Ол өзінен 20 жас үлкен, төрт баласы бар, Қазақстанда әйгілі адам. Сенімді болу үшін мен оның атын атаймын. Есімі Райымбек, - деген еді сотта Бишімбаев.
Келесі күні Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Бишімбаевтың сөзін жоққа шығарған.
Ал кеше Бишімбаевтың телефон галереясында судья Салтанат Нүкенова қайтыс болған 9 қарашадағы бірнеше видеоны тапты. Бұрынғы министрдің мас күйінде қайтыс болған адамнан жауап алғаны естіледі. Бишімбаев Салтанаттан үнемі "сен Райымбек Баталовпен жаттың ба?"" деп сұрайды. Сөз арасында Салтанатты
қорлап "Райымбектің салдақысы" деп атайды.
БАЙТАСОВ ПЕН БАТАЛОВ
Арманжан Байтасов – Қазақстандық кәсіпкер, медиа-магнат, бірнеше ақпараттық және іскерлік басылымдардың негізін қалаушы.
Райымбек Баталов – "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастамалардың жетекшісі.