Прагада жаңа жыл отшашусыз өтті

Ulysmedia

Прагада жаңа жылды тойлау отшашусыз өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: aroundprague.cz

aroundprague.cz-ның мәліметінше, коронавирус пандемиясына байланысты жағдайдың нашарлауына байланысты муниципалитет шараны өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы муниципалитет өкілі Вит Хофман мәлімдеді.

«Биыл да біз отшашуды жоспарлаған жоқпыз, бірақ жаңа жылды тойлаудың баламалы жолдарын қарастырдық. Біз эпидемиялық жағдай қалай болатынын және эпидемияға қарсы шаралардың дамуын күттік. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жоспарланған іс-шаралардан бас тарттық », - деді Хоффман.

Бұған дейін қала дәстүрлі түрде жаңа жылды отшашумен қарсы алған болатын.