Қазақстан бақытты елдер рейтингінде қай орында

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 43-орынға жайғасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Depositphotos

ЗЕРТТЕУ

Бүкіләлемдік бақыт туралы есеп – бұл жыл сайын 147 елдің деректері негізінде жасалатын рейтинг. Зерттеуді БҰҰ аясында жер және тұрақты даму институттарының орталықтары жүргізеді.

КРИТЕРИЙЛЕР

Бақыт деңгейі бірнеше негізгі критерий бойынша анықталады:

  • жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ);
  • әлеуметтік қолдау;
  • күтілетін өмір сүру ұзақтығы және денсаулық деңгейі;
  • азаматтардың еркіндігі, жомарттығы және мемлекеттік институттарға деген сенімі;
  • Gallup жүргізген жаһандық сауалнама нәтижелері, онда респонденттер өз өміріне қанағаттану деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша бағалайды.

ОНДЫҚТАҒЫ ЕЛДЕР

Әлемдегі ең бақытты елдердің үздік 10-дығына кірген мемлекеттер:

  1. Финляндия
  2. Дания
  3. Исландия
  4. Швеция
  5. Нидерланд
  6. Коста-Рика
  7. Норвегия
  8. Израиль
  9. Люксембург
  10. Мексика.