Ауыз бекітіп, ораза тұтқан азаматтарға ақша ұсынып, ауызын ашуға шақырған видео шу тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
“НАЗАРБАЕВТЫҢ АДАМЫ”
Видео авторы өзінің желідегі парақшасын “Назарбаевтың адамы” деп жазып қойған.
Бейнежазбада орта жастағы жігіт көше кезіп жүріп өткен-кеткенге микрофон ұсынады. Алдымен “оразасың ба?” деп сұрап алады. Егерде өзіне керек жауап алса ол әлгі адамға ақша ұсынып бастайды.
“Давайте мен саған 50 мың теңге беремін, аузыңды ашып жіберсең,”- дейді.
Бастапқыда оның бұл ұсынысын бір азамат “миллион берсең де” аша алмаймын деп қайтарады. Бірақ келіскендер де болды.
ЖЕЛІ КӨРЕРМЕНДЕРІ НЕ ДЕЙДІ
Желі қолданушыларының басым бөлігі автордың бұл әрекетін құптамайды. Тіпті жазғырады.
“Оразасын аштырып күнә істеді ғой”, “ниеті дұрыс емес мынаның”, “жігіттер оразамен ойнамаңдар”, “бауырым, арыңды қағазға сатпа” деген сынды пікірлер қалдырған.
Алайда пікір жазғандардың арасында бұл бейненің шынайлығына күмән келтіргендер де болды.