Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон арасында болған келіссөздердің кейбір тұстарын ашып айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зеленский әлеуметтік желілерде украин шенеуніктері америкалық әріптестерімен әскери тұтқындарды босату мәселесін талқылап жатқанын жеткізді.
ДӘЙЕКСӨЗ
Біз америкалықтармен және басқа серіктестермен соғысты аяқтау туралы сөйлескенде, бірінші кезекте тұтқындарды босату мәселесіне тоқталамыз. Біздіңше бұл өте маңызды және іске асуы керек. Бұл орайда бізді қолдайтын барлық серіктестерге алғыс айтамын. Украинадағы, жалпы тұтқындар мәселесін ақпараттық кеңістікте күн тәртібінде қоятын әлемдегі барлық адамдарға ризашылығымды білдіремін, - деп жазды ол.
Зеленскийдің айтуынша, соғыс жүріп жатқан үш жыл бойы Украинада Үйлестіру штабы жұмыс істеп тұрү Ссоның арқасында 4 мыңнан астам әскери тұтқын отанына оралған. Украина президенті «барлық тұтқынды қайтаруға» уәде берді.
Естеріңізге салсақ, биылғы 18 наурызда Путин мен Трамп жыл басынан бері екінші телефонмен сөйлесті. Нәтижесінде энергетика объектілері бойынша атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді.