Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды – Павлодар

Сырым Қаржас

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

2008 жылы туған бала бас ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Операция жасалып, кешенді емдеу шаралары жүргізілді. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің ұдайы бақылауында, қарқынды терапия жүргізіледі. Мамандар барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, – деді Ақсу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сапарғалиева.

ОҚЫС ОҚИҒА

Естеріңізге сала кетейік, 21 наурыз күні Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Қызылжар ауылында Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған “Құнан бәйгеде” 16 жастағы жасөспірімнің аты алып қашып, электр бағанына барып соғылған. Ауыр жарақат алған шабандоз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл ота жасалып, тиісті ем-дом көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақты.