Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен кездесуде екі елдің делегациялары маңызды мәселелерді талқылады. Соның ішінде энергетика саласындағы түйлкілдерге назар ауыдарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ға сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент Зеленскийдің мақсаты – еліміз үшін, сонымен қатар бүкіл Еуропа үшін әділ және берік бейбітшілікті қамтамасыз ету. Біз бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, - деп жазды Умеров Х әлеуметтік желісінде.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бұған дейін Зеленский Эр-Риядтағы кездесудің маңызына тоқталған. Ол келіссөздерде энергетикалық нысандар мен маңызды инфрақұрылымдарды қорғау бойынша ұсыныстар талқыланғанын және жиынға Украина Энергетика министрлігінің өкілдері қатысқанын атап өтті.
ҚАРА ТЕҢІЗ КЕЛІСІМІ
Бүгін, 24 наурызда америкалық делегация Эр-Риядта Ресей өкілдерімен кездеседі. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц CBS телеарнасына берген сұхбатында бұл келіссөздерде Қара теңіздегі әскери қимылдарды тоқтату, «тексеру және бейбітшілікті қамтамасыз ету шаралары, майдан шебіндегі қақтығысты тоқтату» мәселелерін талқылау жоспарланғанын айтты.
УКРАИНДЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ
Сонымен қатар Уолц Ресейге заңсыз әкеткен украиндық балаларды еліне қайтару мәселесі қозғалатынын айтты. Кеңесшінің пікірінше, бұл «сенімді нығайтуға» ықпал етуі мүмкін.
Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News-ке берген сұхбатында Вашингтон Сауд Арабиясындағы Ресеймен болатын келіссөздерден «нақты прогресс» күтетінін мәлім етті.
РЕСЕЙ ӨКІЛДЕРІ НЕ ДЕЙДІ?
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 24 наурыздағы кездесуде негізінен су жолымен тасымалданатын украиналық ауыл шаруашылығы тауарларының қауіпсіз экспортын қамтамасыз ететін 2022 жылы жасалған Қара теңіз астық келісімін қайта жандандыру мәселесі талқыланатынын растады.