Үш облыста жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтады

Сырым Қаржас

Бүгін, 24 наурыз кешкі сағат 18.00-ден бастап еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында үш республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы тоқтатылды.

Ақтөбе облысы
Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш пен Ембі қаласының арасы).
Қостанай облысы
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Мариновка ауылына жақын аймақ (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының айналма жолының 4-7 шақырымы аралығы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).