Британдық мұнай-газ компаниясы Victoria Oil & Gas Энергетикалық хартияның ережелеріне сүйене отырып, Қазақстанға қарсы шағым түсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Energy Monitor деректеріне сәйкес, шағым ресми түрде тіркелген.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Victoria Oil & Gas 2005 жылы Saga Creek Gold Ltd-тен Кемерколь кен орнындағы 100% үлесті 8,5 миллион долларға сатып алған. Компания бірнеше ұңғыма бұрғылап, мұнайдың геологиялық қорын 15 миллион тонна деп бағалаған. Алайда 2008 жылы белгісіз себептермен жер қойнауын пайдалану туралы келісім-шарт бұзылған.
2008 жылы Кемеркөл кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығын Saga Creek Gold Ltd-тен “Бақыт Тау” ЖШС 360 миллион теңгеге сатып алған.
Сегіз жылдан кейін, 2016 жылы, “Бақыт Тау” ЖШС бұл құқықты “Ап-Нафта Оперейтинг” ЖШС-не 1 360 миллион теңгеге табыстаған.
2023 жылғы нақты өндіріс көлемі 14,7 мың тонна болды. Белсенді ұңғымалар қоры – 12 бірлік. Орташа сулануы – 79%, делінген жарияланымда.
Авторлардың айтуынша, кен орны жүздеген миллион доллар тұратындай ауқымды емес.
Олардың болжамынша, бұл шағымның экономикалықтан гөрі саяси астары басым.