Қазақстанда аста-төк той жасағандар да салық төлеуі мүмкін

Сымбат Сатыбалдина

Аста-төк той жасағандар да салық төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Информбюро31 мәліметінше, мемлекеттік кірістер комитеті енді асабаға, банкетке, тіпті тойбастарға кеткен ақшаны есептеуге кірісті. Егер шығын табысқа сай келмесе, салықшылар тексеріс жүргізуі мүмкін.

Көпшілік той жасау үшін несие алып, жылдар бойы жинаған ақшасын жұмсайды. Енді мемлекеттік кірістер комитеті сол шығындардың қайдан шыққанын жіті тексермек.

- Бұл процесс қоғам қайраткерлерін де, блогерлерді де, қарапайым қазақстандықтарды да айналып өтпейді. Табысы мен шығысында сәйкессіздік анықталса азаматтарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Мысалы тойды жүргізген асаба жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек. Табысын декларацияда көрсету керек, дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында. 

САРАПШЫЛАР

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның салық консультанттары қауымдастығы салық кодексіне енгізілетін өзгерістермен келіспейтінін мәлімдегенін хабарлаған едік. 

Қауымдастық корпоративтік табыс салығы (КТС) мен қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемелерін көбейтуді қолдамайды. Мұндай шешім тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнының өсуіне, инфляциялық процестердің күшеюіне және халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Бұл ішкі тұтыну нарығына теріс әсер етеді.