Қоқыс тастаған 7 мыңға жуық астаналық бейнекамераға түсіп қалған

Сымбат Сатыбалдина

Астанада қоқыс тастаған 7 мыңға жуық адам бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz

ІІМ мәліметінше, Қазақстанда бейнекамералар саны артып келе жатыр. Бұл технологиялар түрлі құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, заң бұзушылармен күресте көмектеседі.

ЖАУАПҚА ТАРТУ

2025 жылдың екі айында республика бойынша полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 6931 дерегін анықтады. 6813 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласы бойынша осындай 15 құқық бұзушылық анықталды. 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

КАМЕРАЛАР

Бүгінгі таңда Астанада 207 мың бейнекамера жұмыс істейді, оның 36 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы жалпы камералардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға көп.