АҚШ президенті Дональд Трамп 25 наурыз күні Ақ үйдегі көпшілік шара барысында Түркия мен оның президенті Режеп Тайип Ердоған туралы оң пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл мәлімдеме АҚШ-тың сенат тарапынан бекітілуін күтіп отырған елшілер лауазымына үміткерлермен кездесу барысында жасалды.
Кездесу барысында ерекше назар 77 жастағы Барракқа ауды. Ол былтыр желтоқсан айында Дональд Трамптың ұсынысы бойынша АҚШ-тың Түркиядағы елшісі қызметіне кандидат ретінде ұсынылған еді. Қысқаша баспасөз мәлімдемесі кезінде Баррак экс-президентке сенімі үшін алғыс білдіріп, өзі үшін АҚШ-ты тарихи мұрасы бай мемлекетте таныстыру үлкен құрмет екенін атап өтті. Ол Түркияны «ең көне өркениеттердің бірі» деп сипаттады.
Оның сөздеріне жауап ретінде Дональд Трамп өз мақұлдауын жасырмай:
«Жақсы ел, әрі оның басшысы да жақсы», – деп Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға қатысты оң пікірін білдірді.
Түркияда бірнеше күннен бері наразылық болып жатыр.