Адвокат Айман Омарова Алматы облысындағы әйелдер колонниясында балалар жаппай уланып қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Адвокат Алматы облысындағы Жауғашты ауылындағы жағдай туралы айтты.
- Кеше колонияда аналарымен бірге жүрген 14 бала уланып қалғаны туралы ақпарат түсті. Үшеуінің жағдайы ауыр, олар ауруханаға аналарынсыз жеткізілді, дейді адвокат.
Омарованың сөзінше, мұндай жағдайда аналары балаларымен бірге болуы керек деп есептейді.
- Аналарды баласымен ертіп жүретін қызметкер болмапты-мыс, дейді Омарова.
Адвокаттың сөзінше, балалар уланды ма, әлде инфекция жұқтырып алды ма – әзірге белгісіз.
ТҮРКІСТАН
Еске салайық, 13 наурызда Түркістанда 55 адам суши жеп уланған болатын. Артынша қылмыстық іс қозғалды. Уланғандардың қызуы көтеріліп, жүрегі айныған. Артынша көп ұзамай жедел жәрдем шақыртқан.