10 миллион доллар: Америкадан ақша алған қазақстандықтар кімдер

Ілияс Бақыт

2024 жылы қазақстан usaid-тен 10 млн долларға жетпейтін қаражат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН САЛАЛАР

Finprom мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең көп қаржы гуманитарлық қызметке (8,7 млрд доллар), сондай-ақ денсаулық сақтау мен халықты қолдауға (8,5 млрд доллар) бөлінген. Мемлекеттік басқару және азаматтық қоғаммен байланысты USAID шығындары 6,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде 4,8 млрд доллар мемлекеттік сектор саясаты мен әкімшілік басқаруға, 260 млн доллар адам құқықтарын қорғауға, 140 млн доллар БАҚ-ты қолдауға және ақпараттың еркін таралуын дамытуға бағытталды.

ҮКІМЕТТЕН КӨП ҚАРЖЫ АЛҒАН ЕЛДЕР

2024 жылы USAID төлемдерінің ең ірі тұтынушысыУкраина болды – 5,4 млрд доллар. Ресеймен соғыс басталғалы бері Украинаға бөлінген жалпы көмек көлемі 30 млрд доллардан асты. Ал соғысқа дейін жылына 224 млн доллардан аспайтын.

Орталық Азия мен ЕАЭО елдері арасында 2024 жылы USAID-тің ең көп қаржы бөлген мемлекеті Тәжікстан болды – 60,3 млн доллар.

ҚАЗАҚСТАНҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ

Қазақстанға бөлінген сома 9,5 млн долларды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28,9%-ға көп. Оның жартысына жуығы базалық денсаулық сақтауға (4,8 млн доллар) бағытталды. Мемлекеттік басқару және азаматтық қоғамды қолдауға да едәуір қаражат бөлінді (2 млн доллар), оның ішінде адам құқықтарын қорғауға – 510 мың доллар, БАҚ пен ақпараттың еркін таралуын дамытуға – 340 мың доллар. Жалпы, соңғы он жылда Қазақстан USAID-тен 151,8 млн доллар алған.

USAID БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛУЫ

Бұған дейін АҚШ үкіметі USAID бағдарламаларының 83%-ын қысқартатыны белгілі болған еді.