Мысырда туристік батискаф суға батып кетті. Кемеде 46 ресейлік пен экипаж мүшелері болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АПАТ
Қайғылы оқиға 27 наурызда сағат 10 шамасында болған. «Синбад» кемесі жағадан бір шақырым жерде экскурсия кезінде суға батып кетті. Апат салдарынан төрт адам қаза тапқан.
- Бортта 45 адам отырған, оның ішінде балалар мен экипаж мүшелері бар. Төрт адам қаза тапты, қалғаны құтқарылды. Аман қалғандардың жағдайы жақсы. Нақты қанша адам зардап шеккені есептеліп жатыр, делінген АТОР телеграм арнасындағы жазбада.
Айта кетейік, кейбір дереккөздер бойынша, апат салдарынан алты адам қаза тапқан.