Қазақстанда тұрып жатқан ресейліктердің саны қанша

Сырым Қаржас

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік азамат тұрақты тұрып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛҒЫРАҚ

БАҚ өкілдері 2022 жылғы жаппай көші-қоннан кейін Қазақстанда қанша Ресей азаматы қалғанын сұрады. ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов қазір елде 87 мың ресейлік тұрып жатқанын айтты. Бірақ ведомство басшысы олардың қаншасы Қазақстанға 2022 жылы келгенін нақтылай алмады.

БАСҚА ШЕТЕЛДІКТЕР

Аталықовтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 200 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрады. Оның ішінде 87 мың ресейліктен басқа, 50 мың қандас, 49 мың Өзбекстан азаматы және 11 мың Қырғызстан азаматы бар.

Олардың көпшілігі Астана (19 мың) мен Алматы (41 мың) қалаларында, сондай-ақ Алматы (30 мың), Қарағанды (17,5 мың) облыстарында тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылы 1 070 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғаны туралы хабарланған.