Қарғын судың қаупі: бірнеше бағытта көлік жолы жабылды

Сырым Қаржас

Бүгін, 29 наурызда күні таңертеңгі жағдай бойынша қарғын судың салдарынан еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылып, көлік қозғаласы тоқтады, деп хабарлайды Ұлысмедиа

Қазавтожол

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, еліміздің Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық маңызға ие трассаларда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Атап айтқанда:

Ақтөбе облысы
Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш пен Ембі қалаларының арасы).
Қостанай облысы
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аумақтағы Мариновка ауылына жақын учаске (Ресей шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласының айналма жолының 4-7 шақырымы аралығы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).